
Павлодар облысы Достық үйінде ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин этномәдени бірлестіктердің, және басқа да ұйымдардың өкілдерімен кездесті.
Кездесулер барысында этносаралық саланың өзекті мәселелері, оның ішінде азаматтардың этностары мен тіліне қарамастан олардың құқықтарын қамтамасыз ету, қоғамдағы толерантты қатынастарды дамыту, қазақстандағы бірегейлікті қалыптастыру және халық бірлігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Ғ. Шойкин жалпыұлттық бірлікке ықпал ете алатын теріс үрдістердің алдын алу, этникалық белгілері бойынша азаматтардың ар-намысы мен абыройын қорлауға жол бермеу, ақпараттық ашықтық туралы, сондай-ақ дұрыс ақпараттың әрбір азаматқа жету үшін аудандық және ауылдық деңгейлерде түсіндіру жұмыстарын күшейту жөніндегі тиімді шаралар туралы айтып берді.
Ашық диалогтың қорытындысы бойынша этномәдени бірлестіктер мен мемлекеттік органдарға жүргізіліп жатқан бірлескен жұмысты одан әрі жетілдіру жөнінде арнайы ұсынымдар берілді.