
ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында сарапшылардың қатысуымен Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауының негізгі тұстары талқыланды.
Бұдан бөлек, «Қоғамдық кеңестер институтын дамыту» жобасын іске асыру шеңберінде облыстың қоғамдық кеңесі өкілдерімен арнайы жиын ұйымдастырылды.
Кездесуде ШҚО қоғамдық кеңестері жұмысының өзекті мәселелері, оларды шешудің нақты жолдары талқыланды.
Мадияр Қожахмет: «Қоғамдық кеңестердің мәртебесін арттыру, халық тарапынан осы институтқа сенім білдіру үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілігі мен көтерілетін мәселелерін шешуде қоғамдық кеңестердің ұсынымдарын орындау міндеттілігі маңызды. Қоғамдық кеңес өзекті мәселелерді шешуде әрбір адам жүгіне алатын институтқа айналуы тиіс», - деп атап өтті.
Сондай-ақ заң үстемдігі жөніндегі бағдарлама шеңберінде Американдық заңгерлер қауымдастығының шақыруымен Құқық үстемдігі бастамасы (ABA ROLI) комитет төрағасы заң шығару процесінің негіздері жөніндегі семинарға қатысты.
Семинар барысында қатысушылар Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың идеялары мен реформаларын, сондай-ақ мемлекеттегі жаңа заңнамалық бастамалары туралы сөз қозғады.
Семинар нәтижесінде құқық қолдану практикасы, заң жобаларына сараптама жүргізу рәсімдері, сондай-ақ сарапшылардың тәжірибесінен түрлі мысалдар қаралды.
АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитеті қабылданатын шешімдерді жетілдіру, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өзара іс-қимылын, оның ішінде отандық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды кеңейту мақсатында азаматтық қоғам институттарының өкілдерін қоғамдық процестерге тартуға белсенді түрде ықпал етуде.