Министр Дархан Қыдырәлі Қазақстандағы Католик Шіркеуінің басшысы Томаш Пэтамен кездесті.
Кездесуде Рим Папасы Францискінің Қазақстанға сапары, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII съезіне дайындық барысы пысықталды.
Понтификтің біздің елге сапары Қазақстан мен Қасиетті тақ арасындағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдығына орайлас келіп отыр.
Жылы шырайда өткен жүздесу барысында тараптар министрлік пен Қазақстандағы Католик Шіркеуі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін айтты.