Хабарлама

Хабарлама

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасы тұжырымдамасының жобасы халықтық талқылауға шығарылғаны туралы хабарлайды.
Жоба Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын және Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру үшін әзірленді. Сонымен бірге жоба мемлекеттік аппарат қызметінің ашықтығын арттыруға, ақпаратқа қол жетімділікке қолайлы жағдайлар жасауға бағытталып отыр.
Жобаны https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14227503 сілтемесі бойынша көруге болады.
Талқылауға қатысуларыңызды сұраймыз.