Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінің Жаһандық жастар саммиті

Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінің Жаһандық жастар саммиті
Татарстан Республикасының Қазан қаласында Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінің Жаһандық жастар саммиті басталды. Оған 67 мемлекеттен 300-ден астам адам қатысады.
ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Баймолдинов халықаралық жастар ынтымақтастығын дамыту және жастардың өзекті мәселелерін, оның ішінде тұрақты даму мақсаттарына байланысты мәселелерді шешу бойынша бірлескен ұсынымдар әзірлеу жөніндегі диалогтың маңыздылығын атап өтті.
Саммит аясында ИЫҰ елдерінің өкілдері жастардың көші-қоны, кәсіпкерлік, жастардың әл-ауқаты мен ментальді денсаулығы, жастардың цифрлық трендтері, әлеуметтік лифтілер және мүмкіндіктер теңдігі сияқты мәселелерді талқыға салады.
Іс-шараның қорытындысы бойынша түрлі бағыттар бойынша Халықаралық жастар ынтымақтастығының ұзақ мерзімді бағдарламасының жобасы әзірленеді, ол ИЫҰ елдеріне жолданады.