
АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет Қарағанды облысының үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында М. Қожахмет азаматтық қоғам институттарын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, іске асырылып жатқан жобалар мен ведомствоның негізгі міндеттері туралы сөз қозғады.
М. Қожахмет қазіргі уақытта мемлекет реформаларды әзірлеу мен іске асыруда, өзекті мәселелерді шешуге қатысуда қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтарды тарту үшін барлық жағдайды жасап жатқанын атап өтті.
Волонтерлік қызмет, қайырымдылық, МӘТ және ҮЕҰ-ға арналған гранттар бойынша заңнамалық түзетулер қабылданып, олар арқылы ҮЕҰ-ны гранттық қаржыландыру тетіктері жетілдірілетін болады.
Азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың қоғамның өзекті мәселелерін шешу саласындағы күш-жігерін біріктіру үшін 2023 жылдан бастап тәжірибеге градуирленген гранттар кіреді.
Кездесуде азаматтық қоғам өкілдері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларын өңірлер бойынша үйлестіру және басқа да толғандыратын мәселелерді талқылады.
М. Қожахмет азаматтық қоғамның барлық мәселелері қаралып, оларды шешу бойынша тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.