М.Қожахмет Қазақстандағы Франция Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі А. Бортолан мырзамен кездесті

М.Қожахмет Қазақстандағы Франция Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі А. Бортолан мырзамен кездесті
ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы М.Қожахмет Қазақстандағы Франция Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі А. Бортолан мырзамен кездесті.
Кездесу барысында азаматтық қоғам мәселелері бойынша тараптардың ынтымақтастығын кеңейту және дамыту мәселелері талқыланды.
М.Қожахмет еліміздегі азаматтық қоғам бастамаларын қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралар туралы айтты.
А. Бортоланды комитеттің қызметімен таныстырып, халықаралық ұсынымдарды орындау аясында ҮЕҰ секторымен өзара қарым-қатынас және қайырымдылық саласындағы өзгерістер туралы хабардар етті.
А.Бортолан Франция Республикасының азаматтық қоғамы жөнінде мәлімет берді.
Кездесу қорытындысы бойынша азаматтық қоғамды дамыту саласында екі елдің одан әрі ынтымақтастығы мен тәжірибесімен алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.