
Бұл конкурс – елімізде жобалық менеджменттің дамуына ықпал ететін кәсіби жарыс алаңы.
Өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін ұзартылды.
Биыл 198 өтінім келіп түсті. Оның 165-і мемлекеттік органдардан, 13-і квазимемлекеттік сектордан, 10-ы үкіметтік емес ұйымнан, 6-ы бизнестен және 4-і ЖОО-дан.
Конкурс аясында негізгі үш номинация бойынша жеңімпаздар анықталатын болады:
Биылғы жылы «Мемлекеттік аппараттың қызметін жетілдіру бойынша үздік жоба» арнайы номинациясы енгізіліп отыр, оған қатысушылар бюрократияны азайтуды, жүйелі реинжинирингті және ішкі рәсімдер мен процестерді оңтайландыруды ынталандыратын жобалық идеяларды ұсынуы тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, «Жылдың үздік жоба менеджері» номинациясы бойынша жеңімпаздар Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын тапсыру рәсімінде марапатталады.
Толық ақпаратпен www.apa.kz сайтында «Жобалық офис» бөлімі – «Конкурс» бөлімшесінде танысуға болады.