Оралда халықаралық жастар лагері өз жұмысын аяқтады

Оралда халықаралық жастар лагері өз жұмысын аяқтады

Халықаралық Жастар күніне орай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен АБҚО бастамасымен Орал қаласында «Көршілер» халықаралық білім беру лагері өтті.

Іс-шараға жастар ұйымдарының, студенттік көшбасшылар мен белсенділер, жас кәсіпкерлер, Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның медиа-саласы мен мәдениетінің өкілдері қатысты.

«Көршілер» халықаралық лагерінің делегаттары «Sustainable life: жастарға экологиялық тәрбие беру», «Коммуникациялар және медиа: жас журналистер мектебі», «Бизнес-идеялар банкі: жастар уақыты» бағыттары бойынша арнайы білім беру алаңдарында жаңа білім алды.

Сондай-ақ, лагерь аясында Орал қаласының көрікті жерлері бойынша «Folk Camp» тарихи квест, Жайық өзені бойынша саяхат, үздік мақала байқауы ұйымдастырылды және «Шабыт» шығармашылық орталығы таныстырылды.

«Көршілер» халықаралық білім беру лагерінің хедлайнерлерінің бірі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Asar Ume» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Асхат Нұрмашев болды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушы елдер жастарының ынтымақтастығын күшейту, бірлескен іс-шаралар өткізу, сондай-ақ жастардың тиімді тәжірибе алмасуы мен құзыреттілігін арттыру мақсатында қысқы білім беру лагерін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар қалыптастырылды.