
Бүгінде бүкіл ел бойынша жастарды қолдауға және оларды мемлекеттің қоғамдық өміріне тартуға бағытталған 250-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған.
Осындай іс-шаралардың бірі Халықаралық Жастар күніне арналған республикалық дөңгелек үстел болды, оны "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар ісі жөніндегі Комитетімен бірлесіп ұйымдастырды.
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, жастар ресурстық орталықтарының, ҮЕҰ өкілдері мен жас зерттеушілер қатысқан дөңгелек үстелде еліміздегі жастар саясатын одан әрі жүзеге асырудың өзекті мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, әдістемелік аспектіні жетілдіру мақсатында Жастар дамуы индексінің жобасы жалпы талқылауға ұсынылды.
Сонымен қатар жастар ресурстық орталықтарының қазіргі жағдайы мен олардың қызметін жаңғырту бойынша пилоттық жобаның жалпы үлгісі таныстырылды. Бүгінде елімізде 227 ЖРО жұмыс істейді. Жастарға көрсетілетін қызмет қатарын кеңейту, сондай-ақ қызмет көрсету сапасын арттыру аясында аутсорсинг арқылы пилоттық режимде жаңа үлгідегі ЖРО ашылатыны айтылды.
Дөңгелек үстелде талқыланған тағы бір маңызды тақырып Жастар ісі жөніндегі кеңестерінің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар болды. Бүгінде мұндай консультативтік-кеңесші органдар жергілікті атқарушы органдардың жанында жұмыс істейді. Алайда елімізде жастармен жұмыс істеуге деген көзқарастың өзгеруі фонында Кеңестердің жұмысын бейімдеу мәселесі туындайды. Осылайша, мемлекет пен жас азаматтардың өзара әрекеттесуін жақсарту мақсатында Жастар ісі жөніндегі кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды. Бір айта кетері, бұл ұсыныстар Жастар ғылыми орталығының «Gov2Jastar» алаңында өткен сараптамалық пікірталас нәтижесінде әзірленген.
Іс-шаралар аясында барлығы 900 мыңнан астам жасты қамтиды. Барлық облыстар мен Республикалық маңызы бар қалаларда еріктілердің қатысуымен жастардың өзекті мәселелерін, қайырымдылық іс-шараларын, экологиялық акцияларды талқылау бойынша пікірталас алаңдарын өткізу жоспарланған.