Жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлеріне арналған семинар

Жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлеріне арналған семинар

12 тамызда Қарағанды қаласында Қазақстандағы Жастар ресурстық орталықтарының мамандарына арналған «Pro-Info» тақырыбында үш күндік оқыту семинары басталды.

Семинарға еліміздің 7 өңірінен 32-ден астам жас маман келді.

Семинар-тренинг барысында тренерлер заманауи технологиялар мен коммуникация құралдарын пайдалана отырып, аудиториямен өзара әрекеттесу жөнінде практикалық тәжірибиесімен бөліседі. Tik-tok және Instagram әлеуметтік желілеріндегі трендтер мен танымал форматтар арқылы жастардың әрбір санатымен өзара іс-қимыл жасау әдістері жеке зерделенетін болады.

Бүгінге дейін дәл осындай семинарлар Нұр-Сұлтан, Павлодар және Түркістан қалаларында өткізіліп, 100-ден астам адам оқытылды.