
Биыл жоба Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау және Түркістан облыстарында жүзеге асырылып жатыр.
ҚР АҚДМ аталған аймақ жастарының бастамаларын қолдауға әрқайсысы 1 млн теңгелік 250-ден астам шағын грант бөлді.
https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/press/news/details/405471?lang=kk
Конкурсқа барлығы 2673 өтінім берілген.
924-і Түркістан,
360-ы Алматы,
322-і Жетісу,
530-ы Маңғыстау,
416-ы Қарағанды,
121-і Ұлытау облыстарының жастарынан келіп түсті.
Өтінімдерді қабылдау барысында аталған өңірлерде арнайы ақпараттық-түсіндіру шарасы өткізілді. Оған 1639 адам қатысқан.
«Zhas Project» сall-орталығына 1676 қоңырау, WhatsApp желісіне 6419 хабарлама келген.
Шағын гранттар байқауының жеңімпаздары 20 тамызға дейін анықталады.