
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Әзілханов Алматыда республикалық этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті.
Іс-шараға ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин және республикалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты.
Отырыста саяси реформалар бағдарламасының бірқатар өзекті мәселелері, Ассамблеяның 31-ші сессиясының шешімі және бірінші Ұлттық құрылтайдың қорытындылары бойынша мәселелер талқыланды.
Оған қоса «Жаңа Қазақстанның саяси реформаларын жүзеге асырудағы жастардың рөлі» тақырыбында «Ассамблея жастары» ұйымының мүшелерімен кездесуі өтті.
Кездесуде қатысушылар, «Ассамблея жастары» РҚБ Алматы қалалық филиалы бойынша ағымдағы жылы атқарылған жұмысы бойынша есеп беріп, волонтерлік жұмыстың дамуы және жастар саясатына қатысты өзекті мәселелер айтылды.
Сонымен қатар М. Әзілханов этнос өкілдеріне арналған қазақ тілі курсының жетекшісі О.Набиевамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар қазақ тілін оқыту тәсілдерін жетілдіру мен жүйелеу; этнос өкілдеріне тіл үйренуге қолжетілімділікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.