
Бүгін «Tomiris» ақпараттық-білім беру бағдарламасы аясында «Гендерлік теңдік ҚР экономикасының драйвері ретінде» тақырыбында тренинг өтті.
Бағдарламаны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Саяси менеджмент академиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірге іске асырып жатыр.
Тренингті «Big Name» агенттігінің және «TECHNOWOMEN» қауымдастығының негізін қалаушы, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Әзиза Шөжеева жүргізді.
«Tomiris» ақпараттық-білім беру бағдарламасы ұзақ мерзімге арналған.
Еліміздің барлық өңірінен келген қатысушылар біршама тақырыпты игереді. Мәселен, әйелдердің экономикалық әлеуеті, әлемдегі және Қазақстандағы гендерлік экономиканың проблемаларын зерттеу, бұқаралық коммуникацияны пайдалана отырып, гендерлік саясатты қалыптастыру, экономиканы дамыту мен цифрландырудағы әйелдердің рөлін зерттеу тақырыптары бойынша білім арттырады.
Сондай-ақ Саяси менеджмент академиясы 15 тамызға дейін Нұр-Сұлтан қаласында көшбасшылық бағдарлама бойынша оқуға өтінімдер қабылдайды. 30 көшбасшы әйел Қазақстанның барлық өңірінен конкурс арқылы іріктеледі.
(Конкурс туралы толығырақ мәлімет мына жерде: https://spm.nurotan.kz/rus/konkurs/?cid=0&rid=468).