Нұр- Сұлтанда еліміздің дамуына үлес қосқан ҮЕҰ-ға сыйлықақы беру рәсімі болды

Нұр- Сұлтанда еліміздің дамуына үлес қосқан ҮЕҰ-ға сыйлықақы беру рәсімі болды

ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы – бұл 15 маңызды бағыттар бойынша әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес секторды мемлекеттік қолдау тетігі.

Сыйлықақылар 2017 жылдан бастап ҮЕҰ-ды ынталандыру тетігі ретінде енгізілді.

Сыйлықақылар – бұл ҮЕҰ-дың дамуына және әлеуетін, материалдық және кадрлық ресурстарын нығайтуға, қоғамдық пайдалы жобаларды іске асыруда мотивацияны арттыру үшін нақты мүмкіндік. 

Осы жылдар ішінде 185 ҮЕҰ сыйлықақы иегері болды (2017 жылы – 59 ҮЕҰ, 2018 жылы 63 ҮЕҰ, 2019 жылы 63 ҮЕҰ), соның ішінде ағымдағы жылда – 63 ҮЕҰ.

Сыйлықақы алуға өтінімдер 2019 жылдың 1 шілдесінен 2 қыркүйегіне дейін қабылданды. Еліміздің барлық өңірлерінен ҮЕҰ-дан 120 өтінім қарауға қабылданды. Ең көп өтінімдер саны халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау – 31, білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу - 15, азаматтық қоғамды дамытуға жәрдемдесу – 11, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау бағыттары бойынша – 10 өтініш түсті.

2019 жылы 12 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен ҮЕҰ сыйлықақыларын тапсыру рәсімі өтеді.

Сыйлықақы жеңімпаздары қатарында:

- Қостанай облысынан «Үміт-Надежда» тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамы» ҚБ. Үмітшілер 14 жыл бойы халықтың әлсіз топтарын қолдауға бағытталған 20-дан астам жобаны, соның ішінде арбадағы спорттық бал билері бойынша республикалық жобаларды іске асырды. ҮЕҰ қызметінің арқасында әртүрлі мүгедектігі бар 158 спортшы кәсіби спортпен шұғылдануға тартылды.

«Ұлы дала Скауты» ҚБ 1992 жылы құрылған «ескі» жастар ұйымдарының бірі. Қазақстан скауттары Қазақстан халқының құндылықтары негізінде балалар мен жастарға бейресми білім берумен айналысады. Жұмыс істеген жылдары Қазақстанда скаутинг мектебі 100 000-нан астам адам өтті. Түрлі бағыттағы және ауқымдағы 200-ден астам іс-шаралар өткізілді.

«Аман-саулық» қоғамдық қоры. Қордың негізгі миссиясы адам денсаулығы мен әлеуметтік қорғалу құқықтарын қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасында өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.

Қор халықтың денсаулығын сақтау, медициналық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету саласында ондаған зерттеулер жүргізді, АҚТҚ инфекциясының алдын алу үшін қолдаушы алмастырушы терапияны енгізу әдістемесін әзірледі, АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу, тестілеу және емдеу жөніндегі нормативтік-құқықтық базаның екі жиынтық талдауы дайындалды, психиатриялық қызметті реформалауды жақсарту жөнінде ұсынымдар әзірленді, медициналық қызметтерге қол жеткізу саласында, оның ішінде психикалық ауытқулары бар адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне түрлі мәселелер бойынша консультациялар жүргізілуде.

«Өмір тынысы» трансплантацияланған науқастардың қоғамдық бірлестігі. Бірлестік өмір сүру ұзақтығын арттыру және сапасын жақсарту мақсатында ағзаларды трансплантациялаған тұлғалар арасында спорттық белсенділік бағдарламаларын ілгерілетумен айналысады.

Қоғам трансплантациядан кейін адамдар арасында республикалық және халықаралық спорттық ойындар ұйымдастырды. Қоғам трансплантациядан кейін және диализден кейінгі дүниежүзілік және Еуропалық спорт федерациясының мүшесі болып табылады. Ұйым мүшелері қатысу кезеңінде әр түрлі дәрежедегі 11 медаль жеңіп алды.

«Үміт Үзбеу» қоғамдық қоры. Қор халықтың осал топтарының өмір сүру сапасын жақсарту, жетім балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту бойынша жобаларды іске асырады.

Жыл сайын қормен 120 бала мектеп керек-жарақтарымен және киіммен қамтамасыз етіледі, ауру балаларды емдеуге қаражат жинау бойынша жұмыс жүргізеді, мұқтаждарға материалдық көмек көрсетеді, қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

«Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты» қоғамдық қоры тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді.

Қор тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспана ашты. Қызмет барысында 200-ден астам азаматтарға, соның ішінде кәмелетке толмаған балаларға көмек көрсетілді. 70-тен астам әйелдер мен балалар құжатталған, 100-ге жуық әйелдер емханаға тіркелген, 12 бала мектептерге тіркелген. Қор тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына хаттама әзірледі.

«Ұлы Тағзым» қоғамдық қоры Ұлытаудың табиғи, тарихи-мәдени және рухани мұрасын зерттеумен, сақтаумен және насихаттаумен айналысады.

Қор тарихи-мәдени ескерткіштердің археологиялық және қалпына келтіру жұмыстарын қоса алғанда, өңірдің табиғи, материалдық және материалдық емес мұраларына зерттеулер жүргізді. Қор «Ұлытау» мұражай-қорығымен бірлесе отырып, ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне (Маврикий, 2018) қазақ жылқы өсірушілерінің дәстүрлі көктемгі әдет-ғұрыптарын енгізу бойынша жұмыс жүргізді: айғыр қосу, қымыз мұрындық және бие байлау.

Қор жыл сайынғы «Терісаққан көктемі», «Ұлытау қымызы», «Көкмайса», «Жезкиік» этно-фестивальдерін өткізу арқылы этнотуризмді дамытумен белсенді айналысады.

ҮЕҰ үшін сыйлықақы салтанатты түрде тапсыру Нұр-Сұлтан қаласында Сарыарқа даңғылы, 4 в «Radisson Hotel Astana» сағат 16.30-да өтеді.

Аккредитация сұрақтарымен 74-13-41, 74-07-41 телефондары бойынша хабарласа аласыздар.