
2019 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жемiстi ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын осы қаулымен бекітілген номинациялар бойынша беріледі.
Лауреаттарға марапаттарды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әлімжанов пен Ольга Шишигинан және басқа да көрнекті мәдениет, журналистика және өнер қайраткерлері табыстады.
Рәсім барысында бірнеше рет атап өтілгендей, бүгінгі жеңімпаздар қазақстандық жастарға үлгі болып табылады және сыйлықтың ұсынылуы олардың ел дамуына қосқан құнды үлесін мойындайды.
«Дарын» сыйлығы 10 номинация бойынша беріледі. 2019 жылы «Дарын» сыйлығының жеңімпаздары қатарында:
"Эстрада" номинациясы бойынша:
· «Славян базар – 2019» халықаралық фестивалінің Гран-при иегері Макин Әділхан,
· «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисті, конферансье Айтімбай Марат Төреханұлы,
"Классикалық музыка" номинациясы бойынша:
· түрлі музыкалық байқаулардың бірнеше мәрте лауреаттары, композиторлар Мусахан Данара және Джамбаев Әзімбек Қалдыбекұлы,
«Халық шығармашылығы» номинациясы бойынша:
· айтыскер Сұлтанхан Мейірбек,
· Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының әртісі, дирижері Жарас Сатыбалдиев,
«Әдебиет» номинациясы бойынша:
· өлеңдері түрік, әзірбайжан, испан және басқа тілдерге аударылған ақын - Жадыра Байбұланова,
· поэзия конкурстарының жеңімпазы, бірқатар кітаптарды қазақ тіліне аударушы автор Бекзат Смағұлов,
«Театр және кино» номинациясы бойынша:
· М. Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театры актері Өтепберген Аян,
· Қ. Қуанышбаев қазақ музыкалық-драма театрының актрисасы Алтынгүл Ерболқызы,
"Спорт" номинациясы бойынша:
· Төрт құрлық чемпионатының күміс жүлдегері, мәнерлеп сырғанаудан 2019-қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері Тұрсынбаева Элизабет
· Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), Қазақстан Республикасы құрамасының капитаны Күнқабаев Қамшыбек,
«Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы бойынша:
· бас дизайнер, «ЖҮЗБАЙ ДИЗАЙН» директоры, Қазақ сән қауымдастығыны президенті Жүзбай Айжан,
· мүсінші скульптор Мүсіреп Сырым,
" Журналистика" номинациясы бойынша:
· бірқатар деректі документалды фильмдердің авторы Мырзабек Түсіпов,
· журналистер арасындағы республикалық байқаулардың жүлдегері Айбек Тасқалиев,
·
«Қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша:
· «Қазақстан Республикасының этноспорт ассоциациясының» бас хатшысы Ибрагимов Нұрсұлтан,
· «Қазақстан студенттер Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысы» ҚБ президенті Ілияс Түстікбаев,
«Ғылым» номинациясы бойынша:
· ғалым физиктер-өнертапқыштар Нұрлан Қанат және Ерасыл Ерланұлы.
1992 жылдан бастап 200-ден астам еліміздің дарынды жастары лаурет атанған.
Осы жылдар ішінде Нұрлан Өнербаев, Бахтияр Артаев, Серік Сәпиев, Данияр Елеусінов, Илья Ильин, Ольга Шишигина, Денис Тен, Қыдырәлі Болманов, Димаш Құдайбергенов, «Муз АРТ», «Байтерек», «Жигиттер» топтары, Серік Ибрагимов, Әли Оқапов, Қайрат Нұртас және тағы басқалар жеңімпаз атанды.
Сыйлыққа 29 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары халықаралық және республикалық байқаулардың, фестивальдар мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сонымен қатар қызметі инновациялы, тиісті саланың және тұтас қоғамның дамуына ықпал ететін азаматтар үміткер бола алады. .
2017 жылдан бастап Қоғамдық даму министрліктің бастамасымен сыйлық жыл сайын беріледі. 2018 жылы сыйлық көлемін үш есеге ұлғайту мәселесі шешіліп, әр номинация бойынша сыйлық көлемі 600 мың теңге болды.
Айта кетейік, үміткерлердің өтінімдері 2019 жылғы 16 мамырдан 10 тамызға дейін қабылданды.
Өтінімдерді Конкурстық комиссия қарады. Комиссия құрамына белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, парламент депутаттары мен қоғам қайраткерлері кірген.