Мемлекеттік отбасы қолдау шаралары туралы

Мемлекеттік отбасы қолдау шаралары туралы

Құрметті қолданушылар!

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық диалог» порталында «Мемлекеттік отбасы қолдау шаралары туралы» тақырыбында интернет-конференция өткізетінін хабарлайды.

Бүгінгі күні «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдар өз қызметінің ашықтығы мен айқындылығын, сондай-ақ ұсынылатын ақпараттың шынайылығын, толықтығы мен өзектілігін қамтамасыз етуге міндетті.

Көрсетілген интернет-конференция барысында сұрақтарға жауап беру, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатымен байланысты ұсыныстарды қарастыру жоспарлануда.

Сіздерді https://dialog.egov.kz/conference/1046 сілтемесі арқылы аталған интернет-конференцияға қатысуға шақырамыз.

Интернет-конференция 2019 жылғы 11 желтоқсанда 10:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі.

Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда төменде көрсетілген телефонға хабарласып, қажетті ақпарат алуға болады:  8 (7172) 74-05-60 (Тұрсын Інкар).