Нұр-Сұлтан мешіттерінде садақа қабылдауға арналған электронды терминалдар орнатылды

Нұр-Сұлтан мешіттерінде садақа қабылдауға арналған электронды терминалдар орнатылды

Ағымдағы жылдың  27 қарашасында Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне қоғамдық даму министрі Даурен Абаев пен ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Серікбай қажы Ораз  Нұр-Сұлтан қаласындағы «Əлжан Ана» мешітінде электронды терминалдар арқылы азаматтардан қайырымдылықты қабылдау процесін іске қосу рәсімін өткізді.

Іс-шарада Министр электронды терминалдардың Елордадағы  барлық 12 мешітке орнатылғандығын атап өтті. Сондай-ақ, министрдің айтуы бойынша, арнайы терминалдар облыс орталықтары мен республиканың барлық ірі қалаларындағы  мешіттерде  орнатылатын болады.

Заманауи тəсілді қолданысқа енгізу халық алдында діни басқарманың есеп айырысу шотына қолма-қол ақшасыз азаматтардан қайырымдылықтың түсуі ҚМДБ-ның қаржы-шаруашылық қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, Министр мен Бас Мүфти «Əлжан Ана» мешітінде  Елорда имамдарымен кездесіп, олардың ағартушылық қызметіне  қатысты мəселелерді талқылады.