Ұлттық телевизиялық «Тұмар» бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

Ұлттық телевизиялық «Тұмар» бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

20 наурызда Астана қаласында  «Қазмедиа орталығы» киноконцерт залында «Тұмар»  ұлттық телевизиялық бәйгесінің салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Ақпарат министрі Дәурен Абаев салтанатты рәсімді ашқан алғы сөзінде барлық журналистер атынан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді. Министрдің айтуы бойынша қазақ телевидениесінің қалыптасуы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  дәуірінде жүзеге асты.

«Біз айтулы тарихи оқиғаның куәгері атандық. Биліктің тізгіні жаңа Президентімізге бейбіт және өркениетті жолмен тапсырылды. Бұл күндердің өзінде біз «Тұмар» байқауын атап өтудеміз. Нұрсұлтан Әбішұлы елімізге көп жақсылық жасады. Оған қоса, біздің телевидениенің қалыптасуыны Назарбаев дәуірінде, тіпті бұл мекеменің тұрғызылуы да Назарбаевтың дәуірінде болды», - деді Абаев.

Биылғы жылы байқау 9 номинация бойынша өткізілді. «Тұмар» Арнайы номинациясын ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Қазақстан» телеарнасының «Жусан» фильміне өз қолымен табыстады.

Бәйгеге 2019 жылдың 22 ақпанынан 10 наурызына дейін 300-ден астам өтінім келіп түскен. Әрбір номинация бойынша байқау сарапшылары іріктеп алған 4 финалисттің ішінен жеңімпаз анықталды.

2019 жылғы жеңімпаздар тізімі:

Үздік телевизиялық сериал

«Красный уровень» – «КТК» телеарнасы

Үздік әлеуметтік жоба

«Біз біргеміз. Ана үйі» – «Астана» телеарнасы

Үздік деректі фильм

«Столица Великой Степи» – Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені

Үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы

«Вечерняя информационная программа» – «Хабар 24» телеарнасы

Телевизиялық маусымның үздік оқиғасы

«Gakku Дауысы 2018» – «Gakku TV» телеарнасы

Үздік ойын-сауық жобасы

«Qaraberi» реалити-шоуы – «НТК» телеарнасы

Үздік өңірлік тележоба

«WELCOME TO QYZYLJAR» – QZ MEDIA PORTAL («Қазақстан – Qyzyljar» телеарнасы эфирінде)

Үздік тележурналист

Ғабит Бөкенбай – «Қазақстан» телеарнасы

Үздік тележүргізуші

Аида Боранбай – 31 арна

Арнайы номинация

«Жусан» фильмі – «Қазақстан» телеарнасы