«Сапалы балалар контентін дамыту отандық компаниялар арасында бәсекелестікті арттырады. Бұл өз кезегінде аударма және дубляж инфрақұрылымын дамытып, сол арқылы олардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді", - деді А.Омаров.
Paramount өкілдері мектепке дейінгі және жасөспірім балаларға арналған бағдарламалық блоктарын ұсынды.
Тараптар мемлекеттік тілдегі балалар контентін ұлғайту және қазақ тілінде білім беретін, сондай-ақ жергілікті анимациялық студиялармен ынтымақтастықты дамыту сұрақтарын талқылады.