Александр Данилов Павлодар облысының жастарымен кездесті

Александр Данилов Павлодар облысының жастарымен кездесті

АҚДМ Вице-министрі Александр Данилов жас көшбасшылармен, азаматтық және іскерлік қоғамның жаңа буын өкілдерімен, сондай-ақ Павлодар облысының жастар саясаты жөніндегі облыстық кеңесі мүшелерімен кездесті.
А.Данилов жастардың сұрақтарына жауап беріп, олардың ұсыныстарын тыңдады, сондай-ақ өңірлік ЖОО проректорларымен және колледж директорларының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасарларымен кездесті.
Вице-министр студенттік ұйымдар мен студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша үздік тәжірибелер мен жоспарлар туралы айтып, бәсекеге қабілетті студенттердің кейстерін және облыстың әлеуметтік осал оқушыларын қолдау мәселелерін талқылады.
Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында жұмыс істейтін жұмысшы жастардың, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарының жастар бөлімшелерінің өкілдерімен кездесу жүздесті.
Сапар барысында Павлодар қаласындағы тұрғылықты жері жоқ балалы әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығына және Павлодар облысының Жастар бастамаларын дамыту орталығына барды.