ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді ұсыну мерзімі аяқталуда

ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді ұсыну мерзімі аяқталуда

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті 2019 жылғы 1 сәуірде ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді ұсыну кезеңі аяқталатынын хабарлайды.

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңға сәйкес жекеше мекеме, қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қоғамдық, корпоративтік және жеке қорлар, қауымдастық (одақ) түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі нысандарындағы үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалдары мен өкiлдiктерi ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді ұсынады.

Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Әлия Ғалымованың айтуынша ҮЕҰ дерекқоры ашықтықты қамтамасыз ету үшін және қоғамды ҮЕҰ қызметі туралы хабардар ету үшін құрылған. ҮЕҰ-ға ыңғайлы болу үшін мәліметтерді жеңілдетілген нысанда онлайн режимде infonpo.kz сайты арқылы ұсынуға мүмкіндік берілген.

2017 жылдан бастап жұмыс істейтін infonpo.kz ҮЕҰ дерекқоры ашық ақпараттық ресурс әрбір адамға үкіметтік емес ұйымның қызметімен, сонымен қатар еліміздің әр өңірінде іске асырылған жобаларымен танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ гранттық донорлар, бизнес-құрылымдар, меценаттар және басқа да мүдделі адамдар үшін infonpo.kz веб-порталы әлеуметтік пайдалы жобалар мен қайырымдылық акцияларын іске асыру үшін серіктестерді іздеудің тиімді ресурсы болып табылады.

ҮЕҰ дерекқорында болу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар аясында әлеуметтік жобаларды іске асыруда қатысуға, сонымен қатар ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны алуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта аталған веб-порталда Қазақстанда қызметін жүзеге асыратын 5 мыңнан астам ҮЕҰ мәліметтері