Жаңа Қазақстанның құндылық бағдарлары: қазіргі заманның сын-қатерлері

Жаңа Қазақстанның құндылық бағдарлары: қазіргі заманның сын-қатерлері

Бүгін Нұр-Сұлтанда Финляндия, БАӘ, Эстония, АҚШ, Жапония, Әзірбайжан елдері сарапшыларынының қатысуымен «Жаңа Қазақстанның құндылық бағдары: заманауи сын-қатерлер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Шара Министрліктің қолдауымен «ҚҚДИ» КеАҚ ұйымдастырды.
Іс-шара қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы жұмыс стратегиясын құру бойынша сындарлы қоғамдық диалогті қамтамасыз ету, тәжірибе алмасуға бағытталған.
АҚДМ вице-министрі Қадыров Данияр Рамазанұлы өз сөзінде:
«Алдымызда тұрған аймақтық және әлемдік сын-қатерлер азаматтық бірегейлік, ұлттық мәдениетіміз, қоғамдық және тұлғалық құндылықтарымыздың сақталуына айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекет басшысы ұсынған реформа «Жаңа Қазақстанның» құндылық бағдарының негізін қалайды. Азаматтар еліміздің қоғамдық-саяси құрылысын қайта жаңартуға және қоғам дамуының жаңа қағидаттарын соның өзегіне айналдыруға сұраныс білдірді».
Конференция барысында сарапшылар халықаралық тәжірибемен танысып, қазіргі заманғы сын-қатерлердің құндылық бағдарына әсерін, сондай-ақ Қазақстандағы және басқа елдердегі қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселесін талқылады. Конференция барысында алынған ұсыныстар алдағы уақытта барлық мүдделі тараптарға жолданатын болады.