АНОНС

АНОНС

2022 жылғы 1 шілде, сағат 17:00-де ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың төрағалығымен онлайн-форматта Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.
Отырыста Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл және Павлодар облыстары әкімдіктері қызметінің ашықтығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелерін, «Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша жүргізілген операциялық бағалаудың қорытындыларын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерде және интернет-ресурстарда қамтылған деректердің өзектілігі мәселесін қарастыру жоспарланып отыр.
Отырыстың тікелей көрсетілімі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында https://www.facebook.com/qogam.gov.kz/ өтеді.