Қазақстан мен БҰҰ еріктілері ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен БҰҰ еріктілері ынтымақтастықты кеңейтуде

Бонн, Германия - Өткен аптада Қазақстандағы Волонтер жылының аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Еріктілер бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. БҰҰ мен Қазақстан арасындағы серіктестікті нығайту міндеттемесі қазақстандық азаматтарды БҰҰ жүйесінде жұмыс істеуге БҰҰ еріктілері қатарына тартуды және қолдауды көздейді.

«Біз Қазақстан Республикасымен серіктестігімізді және оның Қазақстанмен бірге бүкіл әлемде еріктілік қызметті одан әрі дамытуға деген талпынысын өте жоғары бағалаймыз», - деді БҰҰ Еріктілер бағдарламасының үйлестірушісі Оливье Адам.

«БҰҰ-мен ынтымақтастықты кеңейту және 2020 жылды Президенттің «Волонтер жылы» деп жариялауы біздің еріктілік философиясына берік екенімізді, сонымен қатар тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге деген ұмтылысымызды білдіреді», - деді Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Қол қойылған келісімнің мақсаты - халықаралық волонтерлер қызметіндегі Қазақстан Республикасының рөлін арттыру.

Келісім Қазақстан азаматтарына БҰҰ жобаларына келесі категориялардағы волонтерлер ретінде қатысуға мүмкіндік береді: халықаралық сарапшылар - БҰҰ Еріктілері және БҰҰ халықаралық Еріктілері. Қызмет салалары: медицина, білім беру, әскери журналистика.

Мұндай ынтымақтастық қазақстандық волонтерлердің  дүниежүзілік бейбітшілік пен тұрақты дамуды нығайту жөніндегі еріктілердің жаһандық қызметіне қосылу мүмкіндіктерін кеңейтеді деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың мамыр айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Волонтерлік - жастарға арналған әлеуметтік лифт» жастар ынтымақтастығы жөніндегі Қазақстан-Ресей жариялау идеясын қолдаған болатын.