Құрметті журналистер!

Құрметті журналистер!

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін саласындағы мәселелер туралы  жазатын барлық журналистерді 2019 жылы 28 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Дін саласындағы мәселелерді жариялау бойынша журналистерге арналған тренингке» қатысуға шақырады.

Тренинг барысында Қазақстан Республикасында әрекет ететін діни ұйымдардың классификация мәселесі; діни тақырыпты жария ету, оның ішінде әлеуметтік желілерде қозғаудың негізгі тәсілдері  және әлеуметтік желілерде SMM жүргізудің негізгі механизмдері қарастырылады.

Тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар берілетін болады. Тренинг Дін істері комитетінің тапсырысымен өткізіледі.

 

Тренигтің өтетін күні: 28 қараша 2019 жыл

Тренингтің өтетін уақыты: 10.00. – 18.00.

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, «Royal Park Hotel & SPA» қонақүйі (Қобыз сарайы)

Анықтама телефоны – 8701-218-76-56 , timur_j@mail.ru