
2019 жылғы 20 қарашада Түркістан қаласында шетелдік сарапшылардың қатысуымен «Ұлы даланың жеті қыры: ұлттық тарих уақыты» («Ұлы дала халықтарының құндылықтары») ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Ауқымды іс-шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қолдауымен «Ел-шежіре» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.
Конференцияның жұмысына 170 адам, соның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Татарстан, Түркия және Өзбекстаннан шетелдік сарапшылар қатысты.
Түркітілдер әлемнің тарихшылары, филологтары, лингвисттері жаһандық тарихтағы қазақ халқының рөлін талқылау, қазақ халқының тарихи тамырларын қарастыру, ғалымдардың халықаралық ынтымақтастығының негізгі бағыттарын анықтау үшін жиналды. Пленарлық отырыста Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментінің директоры Елдар Мырзабекұлы Төлеков, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Амангелдіұлы Қалқаманов алғысөз сөйледі.
Төлеков Елдар өз сөзінде Қазақстан тарихында, сондай-ақ Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының жариялануына бір жыл толу қарсаңындағы бұл конференцияны өткізудің маңыздылығын атап өтті.
«Біздің аумағымызда ұзақ уақыт бойы өмір сүріп жатқан көптеген этностар үшін жалпы болып табылатын Қазақстан тарихы туралы сөз қозғалуда. Бұл ретте Қазақстан тарихында ерекше рөлді түркітілдес елдер иемденуде», - деп атап өтті.
Конференцияның бірінші күні пленарлық және 5 секциялық отырыстар өткізілді. Конференцияның қорытындысы бойынша түрік әлеміндегі ортақ құндылықтардың қайта қалыптасуы мен баяндылығын қамтамасыз ету үшін әліппе (алфавит) қабылдау, түрік халықтары мен мемлекеттерінің тарихын зерттеу және оқытудың ортақ әдістемесін қалыптастыру, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанынан заманауи түркітану және ғылыми-методологиялық зерттеудің платформасы ретінде ғылыми журнал шығару туралы ұсыныстары көзделген қарар қабылданды.
Сонымен бірге, конференция қатысушылары түркі халықтарына ортақ тарихи ұлы есімдерді ұлылау, насихаттаудың орталықтандырылған жүйесін құру (мысалы, Абай, әл-Фараби, Беруни) мәселесін талқылады.
21 қарашада конференцияның жалғасы ретінде қатысушылар Түркістан облысының киелі жерлеріне барды.