
Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен ЕҰУ-де «Жаһандану кезеңіндегі этникалық мәселелер және мәдениет» атты этносаралық салада маманданған журналистерге оқыту курстары басталды.
Оқыту курстары офлайн форматта өтуде және 2022 жылдың
2 шілдесіне дейін жалғасады.
Курста этносаралық тақырыпты БАҚ-та дұрыс жариялаудың қыр-сыры мен ерекшеліктері, БАҚ-тың этносаяси үдерістерге ықпалы, этносаралық саланы жариялайтын журналистер үшін этносаяси сауаттылықтың аспектілері түсіндіріледі.
Семинардың спикерлерінің бірі - Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы, саяси ғылымдарының кандидаты Ғалым Шойкин. Сонымен бірге, іс-шараға этномәдени орталықтардың өкілдері, сарапшылар қатысты.
Онлайн көрсетілім келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://youtube.com/channel/UC62ED0T9AavC6OvjZJEmjWQ