Қазақстанның қоғамдық кеңестерінің қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы

Қазақстанның қоғамдық кеңестерінің қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы

«Ашық диалог» порталында интернет-конференция өткізетіндігі туралы

Құрметті қолданушылар!

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық диалог» порталында «Қазақстанның қоғамдық кеңестерінің қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы» тақырыбында интернет-конференция өткізілетінін хабарлайды.

Заңнаманы жетілдірудің мақсаттары – мемлекеттік органдармен шешім қабылдау процесіне азаматтық қоғамды кеңінен тарту, қоғамдық кеңестер қызметінің тиімділігін одан әрі жетілдіру және қоғамдық бақылау жүргізуде олардың ролін арттыру болып табылады. Сонымен қатар, заңнамамен енгізілетін түзетулер мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын күшейтуге ықпал етеді.

Сіздерді https://dialog.egov.kz/conference/1035 сілтемесі арқылы аталған интернет-конференцияға қатысуға шақырамыз.

Интернет-конференция 2019 жылғы 27 қараша күні сағат 15:00-18:00 аралығында жүргізіледі.

Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда төменде көрсетілген телефонға хабарласып, қажетті ақпарат алуыңызды өтінеміз: 8 (7172) 74-05-21 (Талғат Азатұлы Ахмадиев).