ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Меломан» дүкендер желісі ортақ байқау жариялайды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Меломан» дүкендер желісі ортақ байқау жариялайды

Елбасының «Рухани Жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Білімнің салтанат құруы»  бағытында  еліміздегі ең ауқымды кітап дүкендерінің желісі жүзеге асырылуына қолдау көрсетіп, «Кітап оқып, рухани бай бол!» Республикалық байқауының басты серіктестерінің бірі атанды.

MegaSilkWay сауда орталығында ҚР Ақпарат және қоғамдық  даму министрлігі мен «Меломан» компаниясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Өздеріңіз білесіздер, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарының бірі – бұл дамуға, бәсекеге қабілетті болуға және әрдайым сұранысқа ие болуға мүмкіндік беретін бағыт - «Білімнің салтанат құруы». Мұнда маңызды рөл кітап оқу болып табылады. Сондықтан жобаның басты серіктестерінің бірі - «Меломан» компаниясы», - деді Данияр Есин, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Меломан» филиалының директоры Анна Валентованың айтуынша, зияткерлік капиталды дамыту қазақстандық қоғамның барлық мүмкіндіктерін ашудың ажырамас бөлігі болып табылады.

«Біздің команда бұл жобаны үлкен қуанышпен, әрі мақтанышпен қолдады және «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Білімнің салтанат құруын» дамыту жолында үлес қосуға дайын», - деді Анна Валентова. - Біз кітаптарды көпшілікке тарату маңызды және қажет деп санаймыз. Оқыңыз, дамыңыз, жақсарыңыз! ”

«Кітап оқы, рухани бай бол!» байқауы елорда жастары арасында ерекше қызығушылық тудырды. «Меломан» алаңында жас оқырмандар авторлық өлеңдерімен бөлісіп, отандық және шетелдік әдебиет шығармаларын талқылады. Меморандумға қол қою аясында Данияр Есин Нұр-Сұлтанның белсенді қатысушыларына сыйлық сертификаттарын тапсырды.

Еске сала кетейік, аталған жобаға кез-келген адам қатыса алады. Сайыс бірнеше кезеңді қамтиды: бірінші кезең әлеуметтік желілерде эстафета форматында өткізіледі. Қатысушы шығармадан үзінділерді мәнерлеп оқып, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселерінің және https://www.facebook.com/ruhani.kz, https://www.instagram.com/ruhkz/ ортақ аккаунттарын белгілеп, инстаграмға жеке бетіне орналастыруы қажет, сондай-ақ байқаудың арнайы хештэгтерін пайдалану #RuhaniJangyry #KitapOqypRuhaniBaiBol.

Екінші кезеңде әлеуметтік желілерде ең көп лайктар мен репост жинаған қатысушылар өтеді. Олар үшін «Меломан», «Марвин» өңірлік кітап дүкендерінің бірінде немесе ұйымдастырушы айқындаған басқа орында көркем кітаптарды терең ұғынуға бағытталған пікірталастар ұйымдастырылады.

Финалға қазылар алқасынан ең көп дауыс жинаған қатысушылар өтетін болады.

Байқау 2020 жылдың 1 ақпанына дейін жалғасады.