24 қазанда «Адам және этникалық азшылықтар құқықтарын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

24 қазанда «Адам және этникалық азшылықтар құқықтарын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Халықаралық деңгейде халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың құқықтарын қорғау бойынша өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында «Отандастар қоры» КЕАҚ  ұйымдастырумен, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиямен және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп «Адам және этникалық азшылықтар құқықтарын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Бүгінгі таңда көптеген шет елдерде конституциялық және басқа да заңнамалық деңгейде түрлі ұлттық, этникалық азшылықтарды қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың өзіндік және жеке ерекшеліктерін сақтауға бағытталған белсенді іс-қимылдар жүзеге асырылуда.

Аз ұлттардың құқықтарын реттеу және қорғау саласындағы арнаулы конституциялық нормалар мен заңнамалық актілерді қабылдаудың мақсаты халықаралық нормалар мен стандарттардың ықпалымен қалыптасқан әрбір елде аз ұлттардың өмір сүруінің институционалдық жағдайларын қамтамасыз ету, мемлекет пен қоғамның демократиялық институттарының жүйесін жетілдіру болып табылады.

Дөңгелек үстелдің жұмысына қатысқандар:

  • Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының төрағасы;
  • Дьердь Сабо - Елші, ЕҚЫҰ бағдарламаларының Нұр-Сұлтандағы кеңсе басшысы;
  • Зейнал Гаджиев – Халықаралық Көші - қон ұйымының Орталық Азия бойынша үйлестірушісі - Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстандағы ХКҚҰ Миссиясының Басшысы;
  • "Отандастар қоры" КЕАҚ-ның Президенті Нұртай Әбіқайұлы Әбіқаев
  • Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Вице-министрі Марат Алмасұлы Әзілханов
  • Дөңгелек үстел модераторы - ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемир Дәуітұлы Әбішев.
  • Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту департаментінің директоры – Ғалым Нурмағамбетұлы Шоикин
  • Марат Алдангорович Сәрсембаев - ҚР Конституциялық Кеңесі жанындағы ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор;
  • Сауле Көшкенқызы Амандықова - «Астана» Халықаралық ғылыми кешені құқықтық зерттеулер институтының атқарушы директоры, профессор, заң ғылымдарының докторы;
  • Марат Советұлы Башимов - Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор;
  • Шынали Нұрлыбек – Біріккен Ұлттар ұйымының Жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасының өкілі сонымен қатар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Мәжіліс депутаттары, ғалымдар, сарапшылар және қоғамдық бірлестіктер өкілдері.

Дөңгелек үстелге қатысушылар атап өткендей, Қазақстанда аз ұлттардың құқықтарын қорғау саласындағы институционалдық, ұйымдық-құрылымдық элементтердің сәйкестігін талдау аз ұлттардың қоғамдық-саяси өмірге тиімді қатысуын көрсетеді.

Бұл жұмыс халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Республикада заңнамалық негізде, ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясымен (1995 ж.) діни, этностық, әлеуметтік белгілеріне қарамастан, барлық азаматтардың тең құқықтылығы жарияланды. Республикада адам құқықтары мен халықаралық құқық принциптерінің, нормаларының басымдығы танылады.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша шетелде тұратын этникалық қазақтардың құқықтарын қорғау мақсатында халықаралық деңгейде халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар қабылданатын болады.