
Құрметті қолданушылар!
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық диалог» порталында «Ашық түрде жариялануы тиіс мектептер қызметіне қатысты мәліметтер» тақырыбында интернет-конференция өткізетінін хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ашық деректер» порталында білім саласындағы ашық деректерді орналастырады. Бұл ретте, аталған интернет-конференция барысында мектептер қызметіне қатысты ашық деректер бойынша ұсыныстарды жинақтау жоспарланып отыр.
Сіздерді https://dialog.egov.kz/conference/965 сілтемесі арқылы аталған интернет-конференцияға қатысуға шақырамыз.
Интернет-конференция 2019 жылғы 4-8 қараша аралығында жүргізіледі.
Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда төменде көрсетілген телефонға хабарласып, қажетті ақпарат алуға болады: 8 (7172) 74-04-79 (Ақышев Жеңіс Бекенұлы).