
Бүгін жаңа басшыны ұжымға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев таныстырды.
Ләззат Танысбай еңбек жолын 1993 жылы «Қазақстан» телеарнасында репортер және тележүргізуші ретінде бастаған. 1996 жылы «Хабар» телеарнасында жаңалықтар қызметінің редакторы – жүргізушісі, кейін атқарушы продюсері болып еңбек етті.
2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметінде, ақпарат министрлігінде қызмет атқарды.
2008 жыл мен 2011 жыл аралығында – «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары. 2011 жылы ҚР Ақпарат және байланыс вице-министрі болып тағайындалды. 2012 жылдың ақпанында «Астана қ. теледидары» ЖШС-нің Бас директоры. 2018 жылдың 5 шілдесінен «НҰР-Медиа» холдингінің Бас директоры қызметін атқарып келді.
Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін жетік меңгерген.