«Ашық диалог» порталында интернет-конференция өтетіні туралы

«Ашық диалог» порталында интернет-конференция өтетіні туралы

Құрметті қолданушылар!

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасының негізгі тәсілдері туралы» тақырыбында «Ашық диалог» порталында интернет-конференция өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Мемлекет басшысы 2019 жылғы 15 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Халық үніне құлақ асатын  мемлекет»  тұжырымдамасына көшу міндетін атап өтті.

Аталған интернет-конференция барысында «Халық үніне құлақ асатын  мемлекет»  тұжырымдамасына көшуге қатысты сауалдарға жауап беру жоспарлануда.

Сіздерді келесідей сілтеме арқылы интернет-конференцияға қатысуға шақырамыз: https://dialog.egov.kz/conference/958.

Интернет-конференция 2019 жылы 28 қазанда сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.

Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда төменде көрсетілген телефонға хабарласып, қажетті ақпарат алуға болады:  8 (7172) 74-05-28 (Мамбеталина Анар).