
Құрметті қолданушылар!
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық диалог» порталында «Ашық бюджеттер» порталының мүмкіндіктері туралы» тақырыбында сауалнама өткізетінін хабарлайды.
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ашық бюджеттердің интернет-порталында (https://budget.еgov.kz) мемлекеттік органдар ашық деректерді орналастырады.
Аталған сауалнама халықтың ашық бюджетке қажеттілігін, мемлекеттік органдар жариялайтын ақпараттың сапасын анықтау, сондай-ақ портал функционалын пысықтау мақсатында жүргізіледі.
Сізді 2019 жылдың 28 қарашасына дейін өткізілетін сауалнамаға қатысуға шақырамыз.
Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда төменде көрсетілген телефонға хабарласып, қажетті ақпарат алуға болады: 8 (7172) 74-05-28 (Мамбеталина Анар).