БАҚ қызметкерлері арасында II республикалық чемпионаты өтті

БАҚ қызметкерлері арасында II республикалық чемпионаты өтті
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша БАҚ қызметкерлері арасында II республикалық чемпионаты өтті.
Іс-шараны Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров пен Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ашты. Олар БАҚ-қа орасан зор еңбегі үшін алғыс айтып, ізгі тілектерін білдірді.
Жарысқа «КТК», «Atameken business», «Еуразия» бірінші арнасы», «МИР», «7 арна», «ТДК» телеарналары мен «Sputnik» ақпараттық агенттігінің өкілдері қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен қатысушылар естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.