ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мүдделі ұйымдар мен тұлғаларды «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын жария тыңдауларға қатысуға шақырады.
Жария тыңдауларды өткізу 5 шілде күні сағат 15:00-де онлайн-форматта Zoom арқылы жоспарланады.
Консультативтік құжат ақпаратқа қол жеткізу саласындағы жүйелі проблемаларды шешуге бағытталған, оның ішінде ақпарат иеленушілерінің «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның барлық талаптарын сақтамауы.
Қатысу үшін «Ашық НҚА» порталында тіркеуден өту қажет (жүгіртпе жолдағы хабарландыруды басу және өтінімді толтыру) немесе көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуға болады.
Байланыс ақпараты: 8 (7172) 74-05-50, e.nurkisheva@qogam. gov.kz – Нуркишева Ельмира.