Елордада этносаралық қатынастар саласындағы салалық журналистика бойынша курс өтеді

Елордада этносаралық қатынастар саласындағы салалық журналистика бойынша курс өтеді

Ағымдағы жылдың 28 маусымынан бастап 1 шілдесіне дейін Нұр-Сұлтанда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Еуразия ұлттық университетінде Этносаралық салада маманданған журналистерге  оқыту курстары өткізіледі.

Оқыту курстары офлайн форматта келесі мекен-жай бойынша өтеді: Нұр-Сұлтан қ., Янушкевич к-сі., №4 корпус, Сұлтан Оразалин атындағы №112 аудиториясы. Қатысушылар курсты өткендігі туралы сертификаттар алады.

Тікелей көрсетілім ЕҰУ-нің YouTube-тегі ресми парақшасында өтеді https://youtube.com/channel/UC62ED0T9AavC6OvjZJEmjWQ.

Құрметті журналистер, аталған курстан өтуге қызығушылық танытқан жағдайда, мына сілтеме бойынша тіркеуден өтулеріңізді сұраймыз: https://forms.gle/Saeb5tjfwvq9YbBX8.

Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс нөміріне хабарласуға болады: +77029992277.