Елордада жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлеріне арналған үш күндік оқыту семинары басталды

Елордада жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлеріне арналған үш күндік оқыту семинары басталды

Бүгін, Нұр-Сұлтанда, еліміздің барлық өңірлерінен жиналған жастар ресурстық орталықтарының мамандары үшін үш күндік семинарлары басталды.

Аталған іс-шара шеңберінде ЖРО қызметкерлері жастармен жұмыс істеудегі жаһандық трендтер мен жаңа тәсілдерді зерделейді, өзекті әлеуметтік сұраныстарға уақытылы жауап беруді, өз қызметін ұйымдастыруды жоспарлауға үйренеді. Сондай-ақ Мемлекет Басшысы алға қойған жаңа міндеттерді ескере отырып, мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарын талқылау жоспарлануда.

Жаттықтырушы ретінде Жастар қызметкерлері қоғамдастығы жанындағы жастар жұмысы жөніндегі жаттықтырушылардың ұлттық пулының мүшелері болды.