«Super Bol!» спорттық реалити-шоудың кастингі өтті

«Super Bol!» спорттық реалити-шоудың кастингі өтті
Бүгін Нұр-Сұлтанда «Super Bol!» спорттық реалити-шоудың кастингі өтті.
Шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров қатысты.
Министр Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жастардың дамуына тікелей назар аударып отырғанын айтты. «Super Bol» ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асып жатыр. Спорттық шараның барлық кезеңі QazSport арнасының экранынан 9 шілдеден бастап көрсетіледі.
Сондай-ақ А.Омаров жобаның мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды қажет етпейтінін, реалити-шоуды көрсетуді жеке демеушілер толығымен өз мойнына алғанын айтты. Кәсіпкерлерге алғысын білдіріп, бұл жоба мыңдаған жастарға үлкен үміт сыйлағанын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, «Дара» жас таланттарды қолдау қорының демеушілігімен Қазақстанда 6 маусымда жастарды дамытуға бағытталған бірегей «Super Bol!» жобасы іске қосылды. «Super Bol!» бүгінгі таңда Қазақстанның 7 қаласында болды, ал соңғы финалдық іріктеу кастингі 24 маусымда Алматы қаласында болады.
Іріктеу жеңімпаздары белгілі бапкерлердің басшылығымен жаттығады. Кейін кәсіби келісімшарт жасасуы да мүмкін. Шоудың финалдық бөлігі Қазақстан ұлттық құрамасы жаттығатын кәсіби футбол базасында өтеді.