
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасында бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) әзірленді.
Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес, сондай-ақ V Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мемлекеттік телеарналар мен баспа басылымдарды іргелес аумақтарда тарату қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау үшін әзірленді.
Қаулы жобасы 2019 жылдың 3 қазанында көпшілік талқылау үшін «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылған және https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2464326 сілтемесі бойынша қолжетімді.