«Ашық диалог» порталында интернет-конференция өткізетіндігі туралы

«Ашық диалог» порталында интернет-конференция өткізетіндігі туралы

Құрметті қолданушылар!

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық диалог» порталында «Цифрлық эфирлік телерадио хабар тарату (ЦЭТХТ)» тақырыбында интернет-конференция өткізетінін хабарлайды.

Аталған интернет-конференция тұрғындарға Қазақстан Республикасының аумағында ЦЭТХТ-ға өту туралы ақпаратты жеткізу,  ЦЭТХТ саласындағы талаптарын, мемлекеттік мекеменің қызмет ету сапасын анықтау мақсатында жүргізіледі.

Интернет-конференция 2019 жылғы 1 қазанда сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жүргізіледі.

Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда төменде көрсетілген телефонға хабарласып, қажетті ақпарат алуға болады: 8 778 696 8589 (Балтабай Жанбөбек).