«Қазақстаннның 2019 жылғы 100 жаңа есімі: жас қазақстандықтардың табыс тарихы» жобасына өтініштер қабылдау ашық

«Қазақстаннның 2019 жылғы 100 жаңа есімі: жас қазақстандықтардың табыс тарихы» жобасына өтініштер қабылдау ашық

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Рухани Жаңғыру» Қазақстандық әлеуметтік даму институты 2019 жылдың 1 қазанынан бастап 100janaesim.ruh.kz сайтында «Қазақстанның 2019 жылғы 100 жаңа есімі: жас қазақстандықтардың табыс тарихы» жобасына өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлады.

Министрліктің бастамасын өткен жылдардағы ең белсенді жеңімпаздардан тұратын Бюро 100 командасы қолдауда. Олар байқауға ең лайықты үміткерлерді іздестіру үшін Қазақстанның барлық аймақтарына баруды көздейді. Команда әлеуметтік желілерден жоба қатысушыларын іздеудің барлық кезеңдерін көрсетеді.

Жоба 2019 жылы Жастар жылына арналады. Қатысуға 39 жасқа дейінгі, Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де кез келген қызығушылық танытқан адамдар қатыса алады. Ғылым, қоғам, медицина, бизнес, мәдениет және спорт саласындағы нақты жетістіктерге жеткен өтінімдер қаралатын болады.

Қатысу үшін www.100janaesim.ruh.kz сайтындағы сауалнаманы толтыру қажет. Қатысушы сенімді ақпарат беруге міндеттенеді. Құқық бұзушылықтар немесе басқа да жалған жағдайлар, оның ішінде онлайн дауыс беру кезінде алаяқтық жағдайында, ұйымдастырушылар қатысушыны жобадан шығару құқығын өзіне қалдырады. Қажет болған жағдайда қатысушылар ұйымдастырушыларға қосымша ақпарат беруге дайын болуы керек.

Барлық өтінімдер модерациядан өтеді, кейін сайтта жарияланады және желіде дауыс беруге рұқсат алады. Сонымен қатар, белгілі қоғам қайраткерлері, мәдениет қайраткерлері, спорт және бизнес өкілдерінен тұратын қазылар алқасының қарауына ұсынылады.

Жобаның ресми сайтында қалаған үміткерге дауыс беру үшін сіз онлайн тіркеліп, қолданыстағы электрондық пошта мекенжайын ұсынуыңыз керек. Дауыс беру кезінде әр қызмет саласынан бір үміткерді таңдауға болады, бірақ әр салада бір дауыстан көп дауыс беруге болмайды.

Жобаның жеңімпаздары әділ қазылар алқасы сайлаған қатысушылар және ресми сайтта ең көп дауыс жинаған қатысушылар болады.

Жобаның нәтижелері осы жылдың желтоқсан айында Елбасының қатысуымен өтетін презентацияда жарияланады.