Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жаңа форматта жүзеге асырылады

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жаңа форматта жүзеге асырылады

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «ЗУБР» Консалтинг-орталығымен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілер үшін МӘТ шеңберіндегі әлеуметтік жобалардың тиімділігін арттыруға бағытталған семинарлар ұйымдастырды. Семинарлар еліміздің барлық өңірлерінен 500-ден астам мемлекеттік қызметшіні қамти отырып, онлайн форматта өтті.

Семинарлар мемлекеттік органдар қызметкерлерінің МӘТ шеңберінде ҮЕҰ-мен жобалық ынтымақтастық саласындағы құзыретін арттыруға бағытталған. Атап айтқанда, техникалық ерекшеліктерді әзірлеу, МӘТ шеңберінде жобаларға мониторинг және бағалау жүргізу мәселелері қаралды.

Семинар шеңберінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша бұйрыққа қатысты түсініктемелер берілді.

Айта кетейік, қаржы министрлігі 9 маусымда Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық қабылдады. Қабылданған нормалар МӘТ тиімділігін арттыруға және конкурстық рәсімдер мен өтпей қалған конкурстарға шағымдануды қысқартуға ықпал ететін болады.

Мұндай семинарлар бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Мәселен, өткен жылы 500-ден астам мемлекеттік қызметші осы бағыттағы кәсібилігін арттырды.