
2019 жылғы 13 қыркүйекте Бурабай кентінде Ақмола облысының әкімдігі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Әкелер одағы» ҚБ және «Құқық» ҚҚ бірлесіп Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) қолдауымен «Әке – отбасының тірегі» атты IV Республикалық әкелер форумын (бұдан әрі - форум) өткізді.
Шараға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мақсат Сқақов, Ақмола облысының әкімі Е.Маржықпаев, Парламент депутаттары, Ұлттық комиссия мүшелері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ, барлық өңірлерден делегаттар - үлгілі әкелер қатысты.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясының пленарлық отырысында 16 тамызда тәрбие жүйесі сапасының негізгі өлшемі болып табылатын өмірлік қатты ұстанымдарды қалыптастырудың маңыздылығын: «Біздің ортақ міндетіміз - бұл өміршеңдігін жеңуге қатты ерік-жігері бар оптимисттердің жаңа буынын тәрбиелеу» деп атап өтті.
Берік отбасының қалыптасуында, балаларды тәрбиелеуде және дамытуда, ерлердің мінез-құлық үлгісін қалыптастыруда әкелер үлкен рөл атқарады. Дәл осы әкелерден балаларға мақсаттылық, батылдық, жауапкершілік сияқты қасиеттер беріледі.
Президент 2 қыркүйектегі өзінің Қазақстан халқына Жолдауында әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, әсіресе балаларға қарсы ауыр қылмыстар үшін жазаны күшейту жөнінде Парламент пен Үкіметке нақты тапсырма берді.
Форумның модераторы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ұлттық комиссияның мүшесі Бақытбек Смағұл «қазіргі таңда отбасы тәрбиесіндегі әкенің ролін көтеру, балаларда патриотизм сезімін, адамгершілік-рухани құндылықтарды қалыптастырудағы әке ролін нығайту мәселелеріне қоғам назарын аудару - біздің жұмысымыздың басымдылығы болып табылады», - деп атап өтті.
Форумға қатысушылар отбасы мен мектептің бұл үдерістегі байланысын нығайту қажеттілігі туралы бірауыздан пікір білдірді. Әкелер қозғалысын дамыту бойынша бірлескен жұмысты күшейту қажеттігін айта келе, ондағы «Әкелер одағы» ҚБ мен оның әр аймақта ашылуы тиіс бөлімшелері маңызды роль атқаратынына сенім білдірді.
«GreenTAL» әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушы Эмин Аскеровтың форумдағы сөзі өте қызықты болды. Ол отбасындағы балалардың қабілеттерін дамытуға әсері туралы айтты.
Форум тиісті орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға бала тәрбиесінде әкенің рөлін арттырудағы өзекті мәселелерді шешу бойынша нақты ұсыныстар әзірлеумен аяқталды.
Форумның соңында үздік үлгілі әкелерге Ұлттық комиссия атынан алғыс хаттар табысталды.