
АҚДМ вице-министрі Александр Данилов Алматы облысындағы Қонаев қаласының жастарымен кездесті.
Кездесу барысында Александр Данилов жастар саясатын іске асыру саласындағы қызметті трансформациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, жастарды қоғамдық-саяси процестерге және республикалық және өңірлік деңгейлерде, әсіресе жаңа Қазақстанның қалыптасуындағы басқарушылық шешімдер қабылдау процестеріне тартудың маңыздылығы туралы айтты.
Вице-министр жастар биылғы жобалар туралы, атап айтқанда, «Zhas Project» жобасы, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты, «Дарын» сыйлығы және басқалары жайлы хабардар етті.
Өз кезегінде қатысушылар еңбекпен қамту, білім беру, жастар ресурстық орталықтары, жастар саясаты жөніндегі өңірлік кеңестер жұмысының жаңа тетіктері және басқа да өзекті мәселелерін талқылады.
Іс-шараның қорытындысы бойынша жас белсенділер жастар саясатының жаңа тәсілдемесін әзірлеген кезде болашақта ескерілетін бірқатар ұсыныстар енгізді.
Сондай-ақ іс-сапар аясында А.Данилов жергілікті жастар ресурстық орталығының жұмысымен танысты.