«Balapan» телеарнасы «Білім бәйгесі» атты жаңа зияткерлік мегажобаның қатысушыларына байқау жариялайды

«Balapan» телеарнасы «Білім бәйгесі» атты жаңа зияткерлік мегажобаның қатысушыларына байқау жариялайды

Күзгі маусымда «Balapan» телеарнасының эфирінен шығатын «Білім бәйгесі» атты жаңа зияткерлік жобаның қатысушыларына байқау жарияланды. Жобаның мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының бойындағы сыни және креатив ойлау, коммуникативтік дағдыларын дамыту.Жобаға: - 6-9 жас аралығындағы қазақ тілінде еркін сөйлеп, ойын ашық жеткізе алатын; - сабақ үлгерімі жақсы әрі логикалық ойлау қабілеті жоғары; - жаңа ортаға тез үйренетін, тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ете алатын оқушылар қатыса алады; Егер балаңыз осы талаптарға сай келсе, https://forms.gle/zSjoe4sjN1rGKGCP9 сілтеме арқылы тіркеуден өту қажет.Тіркеу 2022 жылғы 23 маусымға дейін жүргізіледі. Жоба ұйымдастырушылары тіркеуден өткен үміткерлерге 24 маусымнан кейін хабарласып, іріктеу кезеңіне шақырады.Қосымша ақпарат үшін байланыс телефондары:8 771 033 51718 771 033 5172