
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан студенттер Альянсы «Кәсіби бағыт-бағдар беру, жастарды еңбек нарығының қажеттіліктері туралы ақпараттандыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру» жобасын іске асыруда. Жоба операторы – Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы.
Жастарға ЖОО, колледждер, гранттар, стипендиялар мен бос жұмыс орындары туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін мобильді қосымша дайындалады.
«Қазақстанның студенттер Альянсы РСҚ» ҚБ ASKHackDay: Mobile App Хакатонын өткізгелі жатыр. Хакатонның ашылу салтанаты 17 маусымда сағат 10:00-де Astana IT University өтетін болады.
Аккредиттеуден өтуге арналған байланыс нөмірлері: +7-707-617-12-93, +7-708-678-84-34.