
2022 жылғы 18 маусым сағат 11:00-де Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылында (Мәдениет үйі, Жангельдин к-сі, 37) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың халықпен кездесуі, БАҚ үшін брифинг және азаматтарды жеке қабылдауы өтеді.
Кездесу барысында ақпарат саласын дамыту, азаматтық қоғам, жастар және отбасы саясаты, дін, этносаралық қатынастар, қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері талқыланады.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметі саласына қатысты мәселелер бойынша Министрліктің ресми сайты арқылы «онлайн-қабылдау» - «сұрақ - жауап» - «министрмен кездесу» сұрақ санатын таңдап сұрақ қоюыңызға болады (https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/page/12600?lang=kk).
Жеке қабылдауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін 8 (7172) 74-13-33, 8 (7144) 37-90-42 нөмірлері бойынша жүзеге асырылады.