Сарапшылар кездесті

Сарапшылар кездесті

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты алаңында «Интермәдени Қазақстан контекстіндегі конституциялық реформалар» тақырыбында сарапшылардың онлайн кездесуі өтті.  

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Наринэ Микаелян, ҚР АҚДМ өкілдері, сондай-ақ басқа да сарапшылар қатысты. 

Наринэ Микаелян ҚР Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде түсіндіру жұмыстары қалай жүргізілгені туралы сөз қозғап, Қазақстанда тұратын этностардың мемлекеттік тілді және өз ана тілін үйренудің маңыздылығын көрсетті. Сондай-ақ Конституциялық реформа тақырыбына қызығушылық танытқан жастардың көбейгендігін атап өтті.

Онлайн кездесуде басқа да сарапшылар өз ойларын ортаға салды.